Сәтпаевтағы бала ұрлығы: Сот күдіктіні қамауға алуды бұйырды

ugolovka.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2020 21:34 ugolovka.com
Адвокат 58 жастағы күдіктіні сот процесі аяқталғанша тұтқындамауды сұраған.

27 шілдеде Сәтпаевта қызды ұрлау мен зорлау ісіне қатысты сот процесінде судья күдіктіні тұтқындауға санкция берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу судьясы Серік Исабаев видео байланыс арқылы сот отырысын өткізді, өйткені карантин кезеңінде күдіктілер мен тергеу кезінде қамауға алынған адамдарды сот ғимаратына жеткізуге тыйым салынған. Оның адвокаты 58 жастағы күдіктіні сот процесі кезінде тұтқындамауды және тұрғындардың агрессиясына байланысты оны қорғауды қамтамасыз етуді сұрады. Сондай-ақ адвокат ер адамның бірнеше дертке шалдыққанын атап көрсеткен, деп жазады patriotkaragandy.

Осыған қарамастан судья оны тұтқындауға шешім қабылдады. ⠀

- Сот оны екі айға қамау алуға санкция берді. Мерзім ол қамауға алынған сәттен - 23 шілдеден бастап есептеледі, - деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық сотының баспасөз қызметі.

23 шілдеде Сәтпаев қаласының полициясына 5 жасар қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Бала белгісіз адамның пәтерінен табылды. Оқиға орнына жиналған қауым күдіктіні өз бетімен жазаламақ болып қатты тулады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: