Алматының элитасы барып жүрген жезөкшелер үйі табылды
Алматы ПД баспасөз қызметі
Бір түнде 23 жеңіл жүрісті әйел ұсталды.
Алматылық полицейлер қалада жедел іс-шаралар жүргізу барысында жезөкшелер жұмыс істейтін орынды анықтады, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
– Жезөкшелер үйі қаланың Медеу ауданындағы зәулім үйде орналасқан. Оның қыздары белгілі болғандай, тұрақты, сенімді клиенттерге ғана қызмет көрсеткен. Жалпы, бұл бизнесті жарнамалайтын негізгі жолдар – хабарландырулар, танысу сайттары және танымал мессенджерлер. Мысалы, бұл жеңіл жүрісті әйелдер өз тірлігін сауықтыру массажы деген атаумен жасырған. Жалпы, кеше түнде 23 жеңіл жүрісті әйел ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді, олардың үшеуі Өзбекстаннан келді, қалғандары – біздің отандастарымыз, негізінен Түркістан және Жамбыл облыстарының тұрғындары. Жеткізілген әйелдердің заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілді, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.
Полиция сонымен қатар жезөкшелікпен айналысуға үй-жай берген ғимарат иесі, сондай-ақ, жезөкшелер үйін ұйымдастырушы да жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript