Жаңалықтар тізбегі
0

Орал тұрғынын дәрігерлер қателесіп, қатерлі ісіктен емдеген

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2020 18:58 inform.kz
Қаладан жақсы маман табу мүмкін емес. Сондықтан ем іздеген жергілікті тұрғындардың басым бөлігі шетелге тентіреп барып жүр.

Алматылық дәрігерлер маңдай терімен тапқан жалақысын даулап жүрсе, батыс аймақтарда ақ халаттылар жетпей жатыр. Жергілікті билік уәдені үйіп төгіп, жағдай жасауға тырысуда. Бірақ дәрігерлер бәрібір ауылға баратын емес. Ал, ем-дом іздеген оралдықтар болса Ресей асып жүр, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі келтірген дерекке қарағанда, биыл 4 мың оралдық көрші елге барып қайтыпты.

Оралда білікті дәрігердің аздығын, тиісті деңгейде ем-дом ала алмай жүргендер көбейді. Солардың бірі Нәсіп Байғалиев. Ол - қате қойылған диагноз кесірінен мүгедек болып қалған. Денсаулығын Ресейге барып зорға түзепті. Рентген түсірілімін ажырата алмаған оралдық дәрігерлерге Нәсіп Байғалиевтың өкпесі қара қазандай. Ол өзіне аса қатерлі дерт туралы диагноз қойған дәрігерлерді сотқа да берген, бірақ одан нәтиже жоқ.

Нәсіп БАЙҒАЛИЕВ, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Саркома немесе онкология деді мұндағылар. Негізі, аяғым сынған, оны маған "сіңірің созылған" деген. Айналып келгенде асық жілігім сынған екен. Сегіз жыл жүрдім. Мен Алматыда болдым, Ақтөбеде болдым, Қызылордада алтын инеде болдым. Саратовқа бардым: 6 ай жатасың, 6 айдың ішінде жасап берем, - деді. Жасап берді де "Ешқандай да онкология емес, иди гуляй!", - деді.

Дәрігер тапшылығы батыстың бас ауруына айналғанын басқармадағылар мойындайды. Бос орын, өңірдегі емдеу мекемелерінің барлығында бар. "Баспана береміз", дегеннің өзінде мамандар ауылға баратын емес. Дәрігерлер, аудандарда ғана емес облыс орталығында да жетпейді. Білікті мамандар жеке клиникаларға ауысып кеткен.

Ринат ХАЙРУЛЛИН, БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Бүгінгі таңда облыс бойынша 245 дәрігер маман жетіспейді. Оның ішінде 84-і жалпы тәжірибе дәрігері, анестезиолог-ревматолог, акушер-гинекологтар тапшы.

Ақ халаттылардың аздығынан оралдыр ем-дом іздеп Ресей асып жүр. Шекарашылар келтірген дерекке қарағанда биыл ғана көрші елге 4 мың адам барып қайтыпты. Дені - бір балаға зар болғандар. Асқазаны ауырып жүйкесі жұқарғандар да онкологиялық дертке шалдығып аллергиясы асқынғандар да Ресейге барып жүр екен.

Тимур ӘЖІҒАЛИЕВ, №5 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Халық жыл сайын оқу бітіретін жүздеген түлек қайда кетеді деп жиі сұрап жатады. Жастар жұмысқа шықса да, тұрмыс құрып, жүктілігіне байланысты 3 жылға декреттік демалысқа кетеді. Осындай жағдай жыл сайын қайталанып, маман тапшылығы әлі шешілмей келеді.

Биыл өңірге 119 жас маман келді. Ал келер жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасы болашақ дәрігерлерді жергілікті бюджет есебінен көбірек оқытуға күш салмақ. Сонымен қатар оларға арнап, үй мен жатақхана салуды да жоспарлапты. Бірақ бұл жоспардың қаншалықты өміршең болары әзірге беймәлім.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: