Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР ІІМ Интернет-алаяқтықтың кең тараған түрлеріне түсінік берді

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2021 18:34 Pixabay
Желідегі жеке куәліктің фотосуреттерінен алынған мәлімет бойынша алаяқ еліміздің әр өңірінен ол адамның атынан 50-ге жуық онлайн-несие тіркеткен.

ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов Интернеттегі алаяқтардың азаматтарды алдаудың ең кең тараған схемаларына тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Алаяқтықтың кең тараған түрі - тауарларды сату туралы жарнамаларды орналастыру немесе Интернет-сауда алаңдарында белгілі бір қызметтерді көрсету. Әдетте, алаяқтар өз құрбандарын арзан бағамен немесе тауарларды тез жеткізіп беретіндігімен қызықтырады. Сатып алушылардан, әдетте үшінші тұлғаға тіркелген шоттарға ішінара немесе толықтай алдын-ала төлем жасау сұралады, - дейді Қанат Нұрмағамбетов.

Оның айтуынша, астаналық полиция бөлімінің қызметкерлері Instagram әлеуметтік желісінде Iphone телефондарын сату туралы жалған хабарландыру жариялаған жас жігітті ұстады. Ол 15 алаяқтық фактісі бойынша сотталды, жалпы шығын шамамен 3 миллион теңгені құрады.

Микрокредиттік ұйымдардың онлайн-несиелерді заңсыз тіркеу жағдайлары да жиілеп кетті. Ішкі істер министрлігі қылмыскерлердің Интернет арқылы азаматтардың дербес деректерін алудың түрлі жолдарын іздейтіндігін, сондықтан бұл ретте одан сақ болу керектігі ескертілді, деп толықтырды өз сөзін басқарма бастығының орынбасары.

Мысалы, әлеуметтік желіде өзі жоғалтқан құжаттардың табылғандығы туралы хабарландыру жарияланған Шымкент қаласының тұрғыны осындай жайсыз жайтқа тап болған.

Желідегі жеке куәліктің фотосуреттерінен алынған мәлімет бойынша алаяқ еліміздің әр өңірінен ол адамның атынан 50-ге жуық онлайн-несие тіркеткен.

Тағы бір кең таралған алаяқтық түрі - бұл пайдалы инвестиция салуды сылтауратындар. Әдетте, әлеуметтік желілерде букмекерлік кеңселерге, биржаларға ақша салу туралы ұсынысы бар жарнама орналастырылады. Сонымен қатар, алаяқ өзінің құрбандарын кепілдендірілген пайда табу үшін қажетті ақпаратқа ие екендігіне сендіреді. Бұл әртүрлі ойындар мен жарыстардың нәтижелері, белгілі ірі компаниялардың биржалық бағалары болуы мүмкін. Осыған ұқсас қылмыстары үшін сеніміне кірген азаматтардың 3 миллион теңгеден астам ақшасын иемденген Қарағанды ​​облысының тұрғыны (әйел) ұсталды, - деді ол брифингте.

Адамдардың банктік карталары және депозиттегі ақшасына қол салу үшін азаматтардың жеке деректерін иемденудің кең тараған тәсілі - банк қызметкері ретінде қоңырау шалу. Ол клиенттің картасына қатысты күдікті операциялар жүргізіліп жатқандығын айтып, састырып, одан цифрларды сұрап алады.

Бұл ретте, полициядағылар, осы күдікті операцияны бұғаттау үшін картадағы мәліметтер мен карта артындағы CVV кодты нақтылау сұралады, осы алынған мәліметтер көмегімен алаяқ Интернет-банкингке кіріп, шоттарғы ақшаларды қолды қылатынын айтады.

Ақшаны ұрлаудың тағы бір айласы - алаяқтар қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін оны, шындығында өздеріне тиесілі - резервтік сақтандыру шотына аударуды ұсынады.

Басқа жағдайларға келсек, мәселен, алаяқтар WhatsApp арқылы азаматтарға қоңырау шалып, қандай да бір тауарды ұсынады, оны сатып алғысы келсе, алдымен банк картасына алдын ала бір төлем жасауды ұсынады. Тауарды сатқаны мен жеткізілуін растау үшін алаяқтар сатушыға электронды сілтеме жіберіп, оны толтыруды сұрайды. Іс жүзінде сілтеме фишинг болып табылады, ол азаматтардың телефондағы карт-шоттары туралы ақпарат жинауға арналған. Осы деректерді алған алаяқтар жәбірленушілердің банктік шоттарынан қаражатты аударып алады, - деді Қанат Нұрмағамбетов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: