ҚР ІІМ Масаншы ауылын төбеден түсірген видеоны жариялады
ҚР ІІМ
Соңғы мәліметтер бойынша, он адам қаза тапты, жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 50-ге жуық адам ұсталды. 25 жеке тұрғын үй өртенді, 31 коммерциялық нысан және 41 көлік бүлінген.
Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік 8 ақпанға қараған түні болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Соңғы мәліметтер бойынша, он адам қаза тапты, жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 50-ге жуық адам ұсталды. 25 жеке тұрғын үй өртенді, 31 коммерциялық нысан және 41 көлік бүлінген.
ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, жаппай тәртіпсіздікке жол үстінде болған көлік жүргішілердің егесі себеп болған, бұл жайтты арандатушылар ұлтаралық қақтығысқа айналдыруға тырысқан.
170-тен астам адам медициналық көмекке жүгінді. Көбінесе жеңіл жарақаттар.
Әр түрлі жағдайдағы көптеген ота жасалды. Кейбір ауыр жарақаттар болды, негізінен оқ жарақаттары. Жансақтау бөлімінде әлі де ауыр халде 14 адам жатыр (Қордайдан екеу және Алматыдан 12 адам). Ауруханада 43 адам ем алуда (Қордайда - 13, Таразда - 25, Алматыда - 25, Қырғызстанда - төрт), кейбірі ауруханадан шығуға дайындалып жатыр, - деді Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Камалжан Надыров.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript