ШҚО-да алаяқ ауыл тұрғынының атынан 55 мың теңге несие алған
ашық дереккөздерден
Ауыл тұрғынының аңғалдығын пайдаланыпты.
Шемонаиха ауданының полиция бөлімінің «102» жедел каналына Рулиха ауылының 54 жастағы тұрғыны хабарласып, биыл 19 ақпанда белгісіз жігіт әлеуметтік көмек көрсету сылтауымен қаржы ұйымдарының бірінен 55 000 теңге сомасында несие ресімдегенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері бұрын сотталған 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript