Жаңалықтар тізбегі
0

Ойын жарнамасындағы орамалды әйел шыр-пыр: Нешетүрлі адам хабарласады...

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2021 15:47 видеодан алынды
Интернеттегі ойын. Шарты да жеңіл. "17 мың теңгені бүгін салсаң, ертең 170 мың теңгені санап аласың" деп сендіреді.

Қарағанды тұрғыны Ләйла Тұрғанбекова өзінің суреті, төлқұжаты және жеке сәйкестендіру нөмірін желіде біреулер жеке мақсатына пайдаланып жүргеніне шағымданды. Оған қоса, соңғы күндері өзіне қоңырау шалып, қоқан-лоқы көрсететіндер көбейген, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Лейла Тұрғанбекова өмірі ештеңе ұтып көрген емес. Дегенмен жарнамасы жер жарған интернет ойынында сәттіліктің қажеті шамалы көрінген. Шарты да жеңіл. 17 мың теңгені бүгін салсаң, ертең 170 мың теңгені санап аласың деп сендірген.

Лейла Тұрғанбекова, Қарағанды қаласының тұрғыны:

"Бұл өзіміздің адамдарға көмек ретінде арнайы ойлап тапқан жүйеміз. Сіз тіркелу үшін құжаттарыңызды жіберіңіз" деп айтқан болатын. Жеке күәлігімнің екі жақ суретін және селфи жіберген едім. Үш-төрт сағат өткеннен кейін олар мені бұғаттап, еш жауапсыз қалдырды.

Бір күннен кейін деген қаражатты келіншек бір айдан кейін де көрмеген. Ол аздай, өзі сол интернет алаяқтарының парақшасындағы жарнамаға айналғанын көргенде есінен тана жаздаған. Өзі жіберген селфи суреті мен төлқұжатының көшірмесі аңқау елді ақша салуға шақыратын науқанға айналып кетіпті.

Лейла Тұрғанбекова, Қарағанды қаласының тұрғыны:

Содан адамдар сенеді, орамалда тұрған соң, бұл алдай қоймайтын шығар деп ойлайды да, әмбе құжатты көрген соң. Бірақ осындай сорақылықты аляқтар менің атымнан істеп жатыр. Қазақстанның түкпір-түкпірінен инстаграм әлеуметтік желісінде болған соң, бүкіл ел көреді, пайдаланады. Ақтаудан, Атыраудан, Түркістаннан, Қарағандыдан хабарласқан адамдар болды. Тіпті үйімізге келіп, мазамды алып жатыр.

Өйткені алаяқтар Лейланың төлқұжаты арқылы киви төлем жүйесінен шот ашып қойған. Лейланың құжатын пайдаланғандар сол шоттың қызығын көріп отыр. Төлқұжатын өз қолымен аялақтарға ұстатқан келіншек полицияға арызданған. Алайда "қылмыс құрамы жоқ" деген желеумен іс тоқтаған.

Төлеген Абылқас, Жаңа Майқұдық полиция бөлімінің бастығы:

Себебі, оның істеген іс-әрекетінде бұл интернет жүйесінде ойын ойнап, ақшасын көбейту үшін жүргізбек болды. Сондықтан біз оның арызын қараусыз қалдырдық. Бізге келіп, жеке куәлігін басқа біреулер қолданып жүр деп шағымданса, онда қосымша тексеріс жүргіземіз.

Интернет алаяқтығы полицейлердің де жүйкесін жұқартып жатыр. Олар аляқтардың арбауына түспеу жолдарын тізген жадынамалар жасап, елге таратып жүр. Дегенмен осындай қылмыстар күн санап өсіп жатқанын айтып қынжылады. Мәселен, күні кеше ғана зейнеткер "банк қызметкерімін" деп қоңырау шалған адамның шотына 2 миллион теңгесін аударып жіберген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: