Жаңалықтар тізбегі
0

Өлуге де дайынбыз! Шымкентте ұрандаған кәсіпкерлер әкімдік жанынан кетпей қойды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2021 16:55 видеодан алынды
Ақыры қаланың бас санитралық дәрігері келіп, өз Қаулысына өзгеріс енгізуге уәде етті.

Шымкентте кәсіпкерлердің бас көтеруінен кейін санитарлық қаулыға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Балмұздақ, дөнер сияқты тамақтарды сыртта сатумен айналысатын 70-тен астам кәсіпкер бас санитар дәрігердің қаулысына наразылық танытып, әкімдіктің алдына жиналған. Себебі, карантин шектеулері бір-біріне керағар дейді жиналғандар. "Шенеуніктер білгенін істеп кетті" деген олар әкіммен кездесуді талап етіп, тіпті шахардың бас санитары жұмыстан кетсін деген талап қойды.

Шымкент "қызыл" аймаққа кірген соң, күні кеше күшейтілген қаулы шыққан еді. Бірақ құжат шағын кәсіп иелеріне ұнаған жоқ. Балмұздақ, дөнер мен фастфуд сататын 70-тен астам кәсіпкер таң ата қала әкімдігіне жиналды. Қолына плакат ұстаған олар қала әкімі шықсын деп ұрандатты. Карантиннен қажығандар соңғы шыққан қаулыға наразы. Құжатта сыртқа тамақ шығарып сататындар мен базарға, моншаларға бірдей шектеу қойылған. Кешкі сағат 10-нан кейін қызмет көрсетуге тыйым салынған. Осындай ереже ойлап тапқан қаланың бас санитары Әбдіманап Төлебаев екеніне сенімді топ шенеуніктің келуін талап етті. Қаумалаған әкімдік қызметкерлері полициядан да ықпаймыз дейді. "Сіздер қазір қамауға дайын келіп тұрсыз ба?

- Біз өлуге де дайынбыз. Ниетіміз дөкір, олар ойлағаннан да.Отырып алып анау болады, мынау болмайды дейді. Ақ-қарасын ажыратпай, өзінше шешім қабылдап отқан жігіттердің бірі – Төлебаев қазір кәсіпкердің тек алдымызды орап жатқан жалғыз адам деуге болады. Мен және кәсіпкер, баршамыз біріге Төлебаев жұмыстан кетсін дейміз", - кәсіпкер Арман Таңсықбаев.

Шулы топты шенеуніктер әкімдікке емес, жанындағы көрме орталығына шақырды. "Не нәрсеге болса да дайынбыз" дегендерден қорықты ма, әлде уақыты болмады ма, не әкім, не бас санитар келген жоқ. Десе де ашулы топты емес, тілшілерді кабинетінде қабылдауға келіскен Әбдіманап Төлебаев жылы орнынан кеткісі келмейтінін ашық айтты.

"Мен отставкаға кететіндей саяси қызметкер емеспін – біріншіден. Екіншіден, мен әкімшілік, мемлекеттік қызметкерімін. Қазір өзімнің күш- жігерімді, білімде және де бағытымда жұмыстан кететін жағдайда деп санамаймын. Ол кісілер не айтпайды, не қоймайды", - дейді Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев.

Дегенмен кәсіпкерлерге өкпелеген бас санитар ешкімге қысым көрсетілген емес, көрсетілмейді де деп сендірді.Оның айтуынша, қаулыны шығарған бір өзі ғана емес, қаланың бүкіл шенді-шекпендісі ақылдасып шешкен.

Қалай болғанда да шымкенттік шенеуніктер қаулыны өзгертуге мәжбүр болды. Енді тамақты сыртта сататындарға түнгі сағат 10-ға дейін емес, тәулік бойы қызмет көрсетуге мүмкіндік берілді. Ал даулы қаулыны өзгертуге бар-жоғы жарты-ақ сағат уақыт кетті. Бірақ ақжағалылар осыдан кейін карантиннен күйдік деген өзге де кәсіп иелері әкімдік алдында шуламасын деп қорқады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: