Жаңалықтар тізбегі
0

Экс-депутаттың баласы өзіне қол салғаны рас па? Аурухана әкімшілігі жауап берді

inf-bol.infomed39.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2021 03:53 inf-bol.infomed39.ru
Нұр-Сұлтан қалалық көпсалалы ауруханасының әкімшілігі өз науқастары арасында заң бөлімінің бастығы барын растады.

Бірқатар БАҚ беттерінде бүгін Нұр-Сұлтан қалалық ауруханаларының бірінде аурухана қызметкері өз-өзіне қол салғанын хабарлады. Аурухана әкімшілігі бұл мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде таратылған ақпаратта аурухананың заң бөлімінің бастығы өз кабинетінде ішінен бекітіп алып, тамағын кеспек болғаны айтылады. Дер уақытында жеткен шұғыл көмектің арқасында оны құтқарып қалу мүмкін болған. Одан бөлек, суицид жасамақшы болған жігіттің бұрынғы депутаттың ұлы екендігі, ол осы ауруханада сатып алулар ісіне жауапты болғаны да айтылады.

Zakon.kz тілшісінің ресми сауалына Нұр-Сұлтан қалалық көпсалалы ауруханасының әкімшілігі өз науқастары арасында заң бөлімінің бастығы барын растады. Бірақ ол өзіне қол салмағанын жеткізді.

Науқаста мойынында бұрын анықталғандай, қан тамырлары ауруы болған, сонымен қатар ол артериялық гипертензиямен ауырған. Оның жұмыс орнында денсаулығы нашарлады, аурудың асқыну белгілері пайда болды. Оған жедел түрде ауруханада ота жасалды. Аурухана әкімшілігі суицид туралы ақпаратты жоққа шығарады. Ота сәтті өтті. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық және оны ауруханадан шығаруға дайындап жатырмыз, - деді қалалық көпсалалы аурухананың әкімшілігі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: