Алматылық бір жарым ай бұрын ұрлатқан көлігімен қауышты
Алматы қалалық полициясы ұрланған “Тойота Камри” көлігін иесіне қайтарып берді, деп хабарлайды zakon.kz.
– 25 наурызда түнде менің ауламнан көлік ұрланды. Мен жоғалғандығын таңғы сағат жетіде байқадым. Полиция менің көлігімді тауып алып, оны қайтарып берді, сол үшін мен оларға шын жүректен ризамын. Көп рахмет, – деді көлік иесі.
Polisia.kz мәліметі бойынша, “Тойота Камри”-дің 50-моделі қаланың Алатау ауданындағы Зерделі ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласынан ұрланған. Бұл қылмысты негізінен “Tойота Лэнд Крузер-200” көлігін айдап әкетумен айналысқан үш қылмыскер жасағаны анықталды.
– Менің әріптесім – Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан Смағұлов бұл топтың әшкере болғандығы туралы бүгін хабарлады. Ұрланған көліктердің арасында жергілікті тұрғынға тиесілі Тойота да болды. Бұл көлік іс жүргізу тәртібі бойынша тәркіленді және шын иесіне берілді. Бірқатар бөтеннің көлігін ұрлаған күдіктілер ұсталды және қамауда отыр, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Естеріңізге сала кетейік, 27-ден 33 жасқа дейінгі үш күдікті “бағдарламашының” көмегімен басқа адамдардың көліктерін от алдырған. Олар, негізінен, қаланы шарлап, тек “Тойота” көліктерін, негізінен “Лэнд Крузер-200” модельдерін ұрлаумен айналысқан. Олар терезені сындыру арқылы ішке кіріп, қозғалтқышты қосымша құрылғының көмегімен іске қосады, ол дабыл командаларын оқиды, сәйкесінше көлік кілтсіз от алады.