Бозбала анасына келіп жүрген еркектің көлігін ұрлап, терезесін шақты

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2021 22:05 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Мінезді ұл ашуын мәшинеден алды.

22 мамырда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Малыбай ауылының 34 жастағы тұрғыны "Mitsubishi Galant" көлігінің ұрланғанын айтып, полицияға арызданған, деп хабарлайды zakon.kz.

Тексере келе анықталғандай, ол соңғы рет көлігімен көңілдес әйелдің үйіне барған екен. Бие сауымдай уақыттан кейін көлігінің жоқ болғанын байқапты.

Іздестіру барысында әлгі онсыз да ескі көлік капоты майысқан, айнасы сынған, терезелері шағылған күйде әйелдің 19 жастағы ұлынан табылды.

Ұл ұрлыққа барғанын да, көлікті ұрғанын да мойындады. Анасының жаңағы еркекпен кездесіп жүргені жынына әбден тиген көрінеді.

Көлік иесіне қайтарылды, күдіктіге қатысты келуге міндеттеу шарасы қолданылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2021 22:05

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2021 22:05

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2021 22:05

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: