Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстауда түйе мен жылқы қырылып жатыр

Лада.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2021 21:14 Лада.kz
Дәрілеу мәселені шеше алмайды.

Боржақты елді мекенінде жиырма шаруашылық кененің шабуылынан зардап шегіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Дәрілеу мәселені шеше алмайды. Маңғыстауда түйе мен жылқыны кене шағып, жануарлар қырылып жатыр.

Бес бота кене салдарынан мерт болды. Осы жылы Маңғыстауда қатты құрғақшылық болды. Сондықтан кене иен даладан елді аймаққа жетті. Олар жануарларға шабуыл жасап жатыр. Көбіне арық, әлсіреген түйе мен жылқыға тап беруде. Себебі мұндай мал оларға қарсы тұра алмайды. Одан соң малға инфекция жұғып, арам өледі, - дейді шаруа Бердіхан Әленов.

Фермерлердің ақпараты бойынша Боржақты елді мекеніндегі 20 шаруашылық жәндіктен жапа шегіп отыр. Ауыл тұрғындарының айтуынша, олар дәрілеу жүргізіп жатыр, бірақ бұл кене проблемасын толық шеше алмайды. Мамандар шаруалар малды жайылымға шығармауы салдарынан кене көбейіп кеткенін айтуда.

Кене құмды топырақта тіршілік етеді. Бірақ малдың ұзақ уақыт бір орында тұрып қалуынан кене көбейіп кетті. Мал үнемі қорада тұр. Ол аумақ тиісті деңгейде тазаланбайды. Дәрілеу жүргізуден бұрын міндетті түрде қораны әктеп, көң-шөптен тазалау керек. Содан кейін ғана дәрілеу жүргізіледі. Ал малды түрлі экопаразитке қарсы вакциналау қажет, - деді облыстық ветеринария басқармасындағы эпизотикалық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Әділет Қазтұрған.

Маңғыстау облысында құрғақшылық салдарынан жем-шөп тапшылығы туындаған болатын. Бұл малдың қырылуына алып келді. Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандықтарды маңғыстаулық шаруаларға қаржылық көмек көрсетуге шақырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: