Ashyq тағы істемей қалды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2021 23:46 zakon.kz
Бірақ уақытша ғана. Қосымша сағат 17:40-та қайта жаңартылып, іске қосылды.

Ashyq қосымшасында тағы да техникалық ақау орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Осыған байланысты қосымшаның Telegram-арнасында хабарлама жарияланды.

Құрметті Ashyq қызметін пайдаланушылар, қазір қосымшаның техникалық ақауларына тап болып отырмыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! - делінген хабарламада.


17:40 - жаңартылды

Құрметті қолданушылар! Ақау қалпына келтірілді! Орын алған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! - деп хабарлады кейіннен.

Бұған дейін Ashyq қосымшасында 17 қыркүйекте техникалық ақаулар орын алған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: