Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада экстремистік ұйымның жақтаушысы ұсталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2021 03:25 zakon.kz
Сонымен қатар, діни экстремистік ұйымның қалада кездесулер ұйымдастырып, құпия уағыздар жүргізгені анықталды.

Қызылордада сотпен тыйым салынған экстремистік ұйымның жақтаушысы ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, "Таблиғи жамағат" діни экстремистік ұйымының жақтаушысы, 48 жастағы облыс тұрғынына қатысты жедел-іздестіру шараларын жүргізді. "Д" деген азамат сот тыйым салған діни экстремистік ұйымның шарттары мен дәстүрлерін ұстанып, оның қызметін ұйымдастырып, діни араздықты қоздыратын және діни экстремистік деп танылған ақпаратты насихаттап, тығыз діни байланыстарды іздестірді, деп хабарлайды Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, діни экстремистік ұйымның қалада кездесулер ұйымдастырып, құпия уағыздар жүргізгені анықталды.

Арнайы іс-шаралар материалдарын талдау барысында азамат "Д-ның" әрекетінен қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері табылды, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабы, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынды. Қызылорда қалалық сотының 20 қыркүйектегі үкімімен азамат "Д" кінәлі деп танылып, үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жауапқа тартылды және пробациялық бақылауға алынды, - дейді Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: