Алматы облысында бір отбасы мүшесі тоғанға батып, қайтыс болды

Instagram/kris_p_tdk, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2021 04:17 Instagram/kris_p_tdk
Олар Алматыдан Үштөбе қаласына жолға шыққан. Сағат 19:00-де Талдықорған аркасынан өткеннен кейін байланыс үзілген.

Алматы облысында бір отбасы мүшесі: әкесі, анасы және қызы тоғандағы батпаққа батып, қайтыс болды. Олар төңкеріліп жатқан көліктің ішінен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың жоғалғаны туралы ақпарат Instagram парақшаларында пайда болды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2021 04:17

"14 қарашада 167 KSY 05 мемлекеттік нөмірі бар "Skoda Superb" автомобилімен үш адам жоғалып кетті. Олар Алматыдан Үштөбе қаласына жолға шыққан. Сағат 19:00-де Талдықорған аркасынан өткеннен кейін байланыс үзілген", - деп жазды Instagram-дағы пабликтің бірі.

Кейінірек көліктің батбақтан табылғаны туралы ақпарат шықты.

"Сол күні полиция қызметкерлері "Талдықорған-Үштөбе" тасжолынан аударылған Skoda Superb көлігін тапты", - делінген хабарламада.

Zakon.kz тілшісі аталған жайтқа байланысты облыстық полиция департаментіне ресми сауал жолдады.

15 қарашада Талдықорған ПБ-ға Қаратал ауданының 27 жастағы тұрғыны 14 қараша күні сағат 17:00 шамасында Skoda Superb маркалы көлікпен ата-анасы мен әпкесі бірге кетіп, жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Сол күні полиция қызметкерлері Талдықорған – Үштөбе автожолында аударылып қалған Skoda Superb автокөлігін тапты, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 60 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, батпаққа қойып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен 47 және 19 жастағы жолаушылар оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігіне сай сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: