Елімізде жыл басынан бері жол апатынан 33 бала қайтыс болған
Балалар көбіне ауыр жарақат алады. Оның ішінде өмірге аса қауіпті жарақаттар бар. Көбіне жол-көлік оқиғасына балалардың жол қозғалысы ережесін білмеуі, жол бөлігінде ойнауы, белгіленбеген жерлерден кесіп өтуі, көліктерге дұрыс мініп-түспегені себеп болады.Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Атығай Арыстанов
Кәмелетке толмағандар құлаққаппен жолды кесіп өтіп, айналасына қарамаса қайғылы жағдайлар болуы мүмкін. Атығай Арыстанов Ішкі істер министрлігі күнделікті жұмыс жүргізетінін, бірақ жүргізушілердің өзі мен үлкендердің бірлескен әрекеті ғана жақсы нәтиже беретінін айтты.
Жыл басынан бері 465 жол-көлік оқиғасында балалар болған. Өкінішке қарай, 33 бала қаза тауып, 592-сі жарақат алды. Жақында Қызылорда облысында жантүршігерлік оқиға болды: екі жасар бала көлік дөңгелегі астында қаза тапты. Нұр-Сұлтанда да мұндай жағдай болды. Ұқсас мысалдарды облыс бойынша көптеп келтіруге болады.Атығай Арыстанов
Жалпы жарияланған ақпаратқа сай, 1 миллионнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактілері тоқтатылды. Барлық бұзушылықтың 41%-ында белгіленген жылдамдықты шектен асыру байқалған.
Жыл басынан бері 5 мыңнан астам жүргізуші мас күйінде ұсталған. Қатаң санкцияларға қарамастан (15 күн қамауға алу және жүргізуші куәлігінен айыру) мұндай бұзушылықтардың 7,5%-ға өсу үрдісі байқалады.
Жүргізушілер мас күйінде қайта рөлге отырса, олар бас бостандығынан және өмір бойы көлік айдау құқығынан айырылады. Жыл сайын 1500 адам жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылады. Биылдың өзінде мұндай 290 жүргізуші тіркелді.Атығай Арыстанов
Сонымен қатар елде жол қозғалысы ережесін бұзуды анықтайтын 16 900 камера орнатылған. Нәтижесінде 5 миллиард 200 миллион теңгеге 518 мың жарлық жазылған. Оның ішінде 3 млрд 688 млн теңгеге 355 мың бұйрық орындалды. Олардың ең көп саны Нұр-Сұлтан мен Шымкентке тиесілі.