Астанада қиын жағдайға тап болған үш жасар бала құтқарылды

Құтқарушы, Астана, пәтер, үш жасар бала, қамалып қалу, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2024 19:51 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
27 қарашада елордада көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінің бірінде әкесі дүкенге шығып кеткенде үш жасар бала есікті іштен бекітіп алған. Содан кейін есікті ашу мүмкін болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Оқиға елорданың көпқабатты үйлердің бірінде орын алған. Балақай әкесі дүкенге шығып кеткенде есікті байқаусызда бекітіп, қайта оны аша алмай қалған. Мазасызданған ата-ана 112 қызметіне хабарласқан. Құтқарушылар альпинистік жабдықтардың көмегімен шатырдан 9-шы қабаттағы пәтерге балкон арқылы кіріп, баланы тыныштандырып, есікті іштен ашты. Кішкентай қожайын зардап шеккен жоқ", делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Министрлік ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: