Ақтөбеде үйде қамалып қалған екі кішкентай бала құтқарылды

Дети у окна, окно, выпал из окна, , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2024 11:57 Фото: unsplash
Оқиға облыс орталығының көпқабатты үйлердің бірінде орын алған. Екі бала ата-анасы көшеге шығып кеткенде есікті бекіткішке жауып, қайта аша алмай қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Амалы таусылған ата-ана "112" көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен терезенің торын босатып, сол арқылы пәтерге енді.

Пәтерге кірген тұста қорқып қалған сәбилердің жылаған дауыстары естілді. Сәбилер зардап шеккен жоқ. Медициналық көмекке де мұқтаж болмады.

Бұған дейін Ақтөбеде қарлы боранда 65 жасар ер адам мал жаюға шығып, жоғалып кеткендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: