Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары мен Басқарма басшысына сот үкімі шықты
Сурет: Zakon.kz
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары мен Құрылыс басқармасының басшысына Құлсары қаласындағы ірі әлеуметтік нысандардың бірінің қабылдау актісіне қол қоюға ықпал еткені үшін пара алды деген айып тағылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаевты кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан және өмір бойы лауазымды мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.
Облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Тимур Басаров бес жылға бас бостандығынан айырылды. Оған да өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, 2020 жылғы қыркүйекте Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен облыстың құрылыс басқармасының басшысы 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript