Алматыда қайтыс болған сарбаз туралы тың мәлімет айтылды
Сурет: pixabay
ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының орынбасары Ниязтай Әлкешев 21 жастағы қатардағы жауынгер Макаров тапаншасынан өзіне-өзі оқ атқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оң қолындағы тапанша, оң жақ самайы, бәрі өзін-өзі жарақаттағанын көрсетеді. Оның жанында ешкім болған жоқ, сондықтан мен қазір ешқандай болжам мен дәлел келтіре алмаймын. Бір нәрсені айта аламын: оның өлімі әскери қызметпен байланысты емес, – деді Әлкешев КТК арнасына.
Қайғылы оқиға қатардағы жауынгер Абылай Сабыров стратегиялық маңызы бар нысанды күзетіп тұрған кезде болды.
Марқұм әскери борышын Батыс Қазақстан облысында өтеген. Ал Алматыдағы 36-50 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызметке кіріскеніне жеті айдан асқан.
Ол Жетісу өңірінің тумасы болып шықты. Бүгін оның денесі туыстарына берілді.
Бұл Ұлттық ұлан қатарындағы бір айдағы екінші өлім. Осыдан екі апта бұрын Алматы облысындағы полигонда әскерге шақырылған сарбаз Алмас Шахимов қайтыс болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript