Алматыда мопедтегі қыз бар жылдамдығымен тұрақтағы көлікке қойып кеткен

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2023 19:05 Сурет: Zakon.kz
Алматыда орталық стадионының тұрағында жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 жастағы қыз мопедті жалға алған. 


Сурет: Zakon.kz


Тәжірибесі болмағандықтан ол рөлге ие бола алмай, бар жылдамдығымен тұрақта тұрған Mitsubishi L200-ға келіп соғылған деген болжам бар.  


Сурет: Zakon.kz


Соққының күшті болғаны соншалықты пикапты орнынан қозғап жіберген. Соққыдан кейін қыз мопедтен ұшып түскен. Апат салдарынан ол ауыр жарақат алды.


Сурет: Zakon.kz


Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы қызды ауыр жағдайда жақын маңдағы ауруханаға алып кетті.


Сурет: Zakon.kz


Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан жол полициясының қызметкерлері алда апаттың барлық мән-жайын анықтайтын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: