Баланың тамақ жеу кезінде күйіп қалу оқиғасына қатысты McDonald’s кінәлі деп танылды
Оқыс оқиға 2019 жылы болған. Қыздың анасы Филана Холмс ұлы мен аутизмге шалдыққан 4 жасар қызына Happy Meals сатып алып береді. Ол көліктің артқы орындығында отырған балаларына оны қағазбен ұстатады. Біраз уақыттан кейін қыз айқайлай бастайды. Анасы көлікті тоқтатып, қызының аяғын күйік шалғанын байқайды.
Екі тарап наггетстің күйік тудырғанын мойындағанымен, отбасының адвокаттары температура 93 градустан жоғары болған деп мәлімдеді, ал қорғанушы тарап оның 71 градустан аспағанын айтады.
Ақырында қазылар алқасы франчайзилерді немқұрайлылық үшін және клиентке ыстық тамақтың қаупі туралы ескертпегені үшін, ал McDonald ' s-ты тағамды жеудегі қауіпсіздік нұсқауларын құрмағаны үшін жауапты деп тапты.
Бастапқыда сот талапкерге шамамен 3 миллион доллар төлеуге міндеттеді, бірақ апелляциядан кейін Холмс аз сомаға келісті. Нәтижесінде зардап шеккен қыздың анасына қанша төленгені жария етілмеді.