Ақтөбе облысында ІІМ мамандырылған күзет қызметінің қызметкерлері ұсталды

Ақтөбе облысы полиция департаменті, мамандандырылған күзет қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2023 10:29 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысында қаржы жымқырды деген күдікпен Ішкі істер министрлігі күзет қызметінің бірнеше қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлеріне ақшалай қаражатты төлеудің бұзылуы туралы ақпарат келіп түскен.

Осы факті бойынша аудиторлық тексеру жүргізіліп, соның нәтижесінде Мамандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері ұсталды.

"6 маусым Ақтөбе облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", – делінген хабарламада.

Ведомство қазір тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: