Алматыда толассыз жаңбыр жауып, Абай даңғылының бір бөлігіндегі жол жөндеу жұмысы тоқтады
Сурет: pixabay
Алматыда 4 шілде күні сағат 19:30-дан бері қатты жаңбыр жауып, күн күркіреп тұр. Осыған байланысты мегаполис билігі Абай даңғылы бөлігіндегі жөндеу жұмыстарын тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қалалық мобильділік басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай даңғылының бойында Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін асфальтбетон жабындарын төсеу жұмысы тоқтатылғанын хабарлады. Жол жөндеу жұмыстары 4 шілде сағат 23:00-ден 6 шілдеде сағат 06:00-ге дейін жоспарланған еді.
"Жолды жабу қажеттілігінің болмауына байланысты 5 шілдеде Абай даңғылының бойындағы бағыттар әдеттегідей қатынайды. Өзгерістер алдын ала хабарланады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматы қалалық мобильділік басқармасы Абай даңғылының Тілендиевтен Розыбақиевке дейінгі бөлігіндегі орташа жөндеуге байланысты 5 шілдеде бірнеше бағыттың қозғалыс кестесіне уақытша өзгерістер енгізілгенін хабарлаған еді.
Оқи отырыңыз
Назарбаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript