Жаңалықтар тізбегі
0

Әлемді экологиялық апаттан қалай құтқаруға болады

Әлемді экологиялық апаттан қалай құтқаруға болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2023 16:17 Сурет: АПН
Жыл сайын әлемдегі қалдықтар шамамен 300 миллион тонна пластикке айналады. Жалпы бұл өндіріс бастағалы бері тоғыз миллиард тоннадан астам пластик өнімі өндірілген. 10%-дан азы қайта өңдеуге жіберілді, 14%-ы өртелді, ал қалған 76%-ы қоршаған ортаға тасталды немесе қоқыс орындарында көмілді.

Бұл тек пластикке қатысты мәліметтер ғана. Ал күнделікті қоқысқа тасталатын басқа да қалдықтардың жағдайы қандай? Статистикаға сәйкес, бір адам жылына шамамен 350 кило тұрмыстық қалдықты қоқысқа тастайды. Экобелсенділердің пайымдауынша, әлемді қоқыс апатынан құтқару үшін қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу қажет. Дәл осы идеяларды насихаттау үшін Алматыда "Дармарка" ауқымды акциясы өтті.

"Барлығы эко-сенбіліктерден басталды. 2018 жылы біздің әріптесіміз қоқысты бөлек жинайтын алғашқы сенбілік өткізді. Оның әдеттегі сенбіліктерден негізгі айырмашылығы осы еді. Мәселен, табиғат үшін пластикалық бөтелкенің қай жерде жатқаны маңызды емес – саябақта немесе полигонда. Бастысы, ол қайда жатса да зиянын келтіреді. Сенбіліктер "Recycle birge" – қоғамды экологияландыру, қалдықтарды бөлек жинауды насихаттау жөніндегі қозғалысқа ұласты", – дейді Greenup.kz қоғамдық қорының тең құрылтайшысы Әлия Сәлменова.


Әлемді экологиялық апаттан қалай құтқаруға болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2023 16:17

Сурет: АПН


Экобелсенділер қайталама шикізат қабылдау акцияларын үнемі ұйымдастырады. Олардың өткізілу күні, орны мен уақыты туралы әлеуметтік желілерден білуге болады. Өткізуге болатын заттардың тізімі де сол жерде жарияланады.

"Біз халықтан қайта өңдеуге болатын барлық заттарды бір жерде қабылдауға тырысамыз. Бұл жолы біз қайталама шикізат аймағында кең тараған қалдықтардан бөлек, түрлі-түсті шыныларды, консерві банкаларын, батареяларды және мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді қабылдап жатырмыз", – деп атап өтті "Дармарка" жобасының ұйымдастырушысы Камила Әкімбекова.


Әлемді экологиялық апаттан қалай құтқаруға болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2023 16:17

Сурет: АПН


"Дармаркадағы" қайталама шикізат қабылдау пунктінің жанында тағы бір шатыр тігілді. Мұнда қолөнер бұйымдарына керекті әртүрлі заттар жиналады.

"Біреу сынған қол сағатын қажетіне жаратады. Біреу тігін тігу үшін матаның бөліктерін жинайды. Бізде ескі көрпелерді жыртып, олардан жаңа нәрселер жасайтын қолөнершілер бар. Экологиялық тұрғыдан ойлайтын болсақ, тіпті, сынған, бүлінген заттарға жаңа өмір беруге болады", – деп түсіндірді Әлия Сәлменова.

Бұл ойды қоштайтындар аз емес. Адамдар қайталама шикізатты машиналармен, қолөнер бұйымдары мен киім-кешекке жарайтын заттарды дорбалап тасып әкеліп жатты. Тіпті, кей жерлерде кезекке тұрды. Еріктілер қала тұрғындарына қай затты қайда қою керектігін түсіндіріп, көмектесті.

"Мен Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі эко-клуб мүшесімін. Біздің чатқа осы акция туралы ақпарат келді. Мен бірден қосылуды шештім, өйткені табиғатқа деген көзқарасымызды өзгертіп, қалдықтарды жинауға саналы түрде қарауымыз керек. Өзім "Боралдай" ауылында тұрамын және қала шетінде қаншама қоқыс жиналатынын өз көзіммен көремін", – дейді ерікті Владимир Син.

Кітаптар секторында адам көп шоғырланды. Мұнда кітаптармен алмасуға, пайдалы әдебиеттерді тегін алуға немесе ұнатқан шығарманы символдық сомаға сатып алуға болады.

"Біз кітаптарды өз қызметімізді қолдау үшін сатамыз. Біз ауылдық кітапханаларға жетекшілік етеміз және Қазақстанда бейресми білім беруді дамытумен айналысамыз. Бейресми білім – бұл ХХІ ғасырдың маңызды дағдылары: қаржылық сауаттылық, топтық жұмыс. Біз Алматыда барлық тілек білдірушілер келіп оқи алатындай арнайы кітап кеңістігін құруды армандаймыз", – дейді Komuniti қауымдастығының тең құрылтайшысы Эльмира Карманова.

Айтпақшы, эко-қозғалысты жақында пайда болған жаңа тренд деп санау қате. Адамдар ежелгі заманнан бері табиғатпен үйлесімде өмір сүруге тырысқан, дәл осы идеялар діни деңгейде де қаланып келген.


Әлемді экологиялық апаттан қалай құтқаруға болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2023 16:17

Сурет: АПН


Ата-бабаларымыз өздеріне азық берген жерді құрметтеп, оның байлығын қорғаған. Экология туралы алғашқы еңбектерді, яғни адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін ежелгі грек философтары жазған.

"Қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу – бұл дұрыс тәсіл. Өндірістің кейбір түрлері үшін қажет қазбаларды, әсіресе орны толмас қазбаларды өндіру азаяды. Қалдықтардың қоршаған ортаға жағымсыз әсері де азаяды. Ең басты міндет – халықтың бойына қоқыстарды бөлу әдетін қалыптастыру. Бұл бағытта ілгерілеу барлығына пайдалы болар еді", – дейді Алматыдағы Қазан соборының діни қызметкері Георгий Рублинский.

Ұйымдастырушылар қалдықтарды бөліп жинауға, заттармен және кітаптармен алмасуға келетін адамдардың жыл сайын көбейіп жатқанын атап өтті. Айтуларынша, қазақстандықтар жаңа тауарлар шығарып, табиғи ресурстарды жұмсаудың қажеті жоқ екенін, адамзатқа қажеттінің бәрі бұрында-ақ өндіріліп қойғанын түсіне бастады.


Әлемді экологиялық апаттан қалай құтқаруға болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2023 16:17

Сурет: АПН


"Дармарка" идеясы қалдықтарды бөлек жинау мәселесінен туындады. Бізбен мүдделес адамдар осындай іс-шараларды Астана, Ақтау, Атырау, Шымкент және Орал қалаларында өткізіп келеді. Біз тәжірибе алмасамыз, ұйым бойынша атқарылған жұмыстармен бөлісеміз", – деп атап өтті Әлия Сәлменова.

Өкінішке қарай, әзірге қауымдастықтың өз қоймасы жоқ, сондықтан қайталама шикізатты, құралдар мен тұрмыстық заттарды тек іс-шара барысында ғана тапсыруға болады. Олар қазір тоқсанына бір-екі рет өткізіледі. Сонымен қатар, балабақшаларда, мектептер мен университеттерде белсенді ағарту жұмыстары жүргізілуде. Себебі, қазақстандықтардың жас буыны туған жеріне ұқыптылықпен және саналы көзқараспен қарайды деген үміт бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: