Абай облысындағы жол учаскелерінің бірі қолайсыз ауа райына байланысты жабылды

Абай облысында Көкпекті ауылынан Боғастың бұрылысына дейінгі жол учаскесі барлық көлік түрлері үшін жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылғы 17 қаңтар сағат 18:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "ҚХР шекарасы - Майқапшағай - Зайсан айналма жолы - Қалбатау - Семей - Павлодар - РФ шекарасы" тас жолының 1004-1087 шақырым аралығындағы учаскесінде (Көкпекті ауылынан Боғас ауылының бұрылысына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады", делінген "ҚазАвтоЖол" ұлттық операторының шұғыл ақпаратында.
Жолды 2025 жылғы 18 қаңтар сағат 05:00-де ашу жоспарланған.
Айта кетсек,синоптиктер Қазақстанға 35 градустық аяз келе жатқаны хабарлаған болатын. 2025 жылдың 18-23 қаңтары аралығында ауа-райы туралы мәліметті мына жерден біле аласыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript