СҚО-дағы тас жолдың бірі 10 сәуірге дейін жабылды

Дорога, трасса, дорожное строительство, дорожная инфраструктура, новая дорога, новая трасса , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2025 14:23 Фото: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысындағы тас жолдың бірі 2025 жылғы 10 сәуірге дейін автокөліктің барлық түрлері үшін жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ мәліметінен белгілі болды.

Ведомство ақпарына сүйенсек, жол су тасқыны кезеңінде қорғаныс бөгетін нығайту жұмыстарына байланысты жабылған.

"2025 жылғы 21 наурыз сағат 15:00-ден бастап KZ15-09 "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін) автокөліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі",- делінген ақпаратта.

Бұл ретте, балама жолдар:

  • Жеңіл көліктер үшін Петропавл қаласы арқылы.
  • Жүк көліктері үшін KZ15-02 "Петерфельд – Архангельск – Новокаменка" және KAZ13 "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" республикалық маңызы бар автожолының Арқалық арқылы (0-30,519 шақырым) және KAZ13 "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" Арқалық арқылы ( 938- 954 шақырым).

Бұған дейін елордалық құтқарушылардың Ақмола облысына көмекке келгендігі жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: