Елордалық құтқарушылар Ақмола облысына көмекке келді

Елордалық департаменттің күштері мен құралдары 2025 жылғы 21 наурызда Целиноград ауданының Қоянды а. апаттық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу мақсатында көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖД мәліметтеріне сүйенсек, құтқарушылар қаптарды инертті материалдармен толтыру және су сору жұмыстарын жүргізетін болады.
"Көмекке барлығы 15 адам, 2 техника және 3 жылжымалы мотопомпа жіберілді",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Қостанай облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мұз басқан тоғанға шығып кеткен төрт аяқты жануардың өлуіне жол бермей, құтқарып қалғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript