Құтқарушылар Алматы тауларында өзін жайсыз сезінген туристке көмекке келді
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Мамырдың 10-на қараған түні ҚР ТЖМ құтқарушылары Шымбұлақ шыңына шығу барысында өзін жайсыз сезінген туристке көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомстваның хабарлауынша, 9 мамырда 4 адамнан тұратын туристер тобы Шымбұлақ шыңына (3450 м) көтерілген. Жоғарғы жаққа шыққан соң қыздың халі нашарлап, ол өздігінен түсе алмаған. Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық есеп жіберілген.
Түнде РЖҚЖ құтқарушылары туристерге жетіп, екі қызға алғашқы көмек көрсеткен. Оларды РЖҚЖ көлігі тұрған жерге жеткізіп, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды.
Оқи отырыңыз: Астанада полиция қызметкері балшыққа батып қалған баланы құтқарып қалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript