Елімізде алдағы күндері 35 градус аяз болады
Метеорологтар Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын Атлантикалық циклон анықтайтынын атап өтті.
18 қаңтардан бастап батыста және оңтүстікте қар жауады, бұрқасын болады. 20 және 21 қаңтарда еліміздің солтүстігіне қолайсыз ауа райы жетеді.
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Бір қызығы, 18 қаңтарға қараған түні Түркістан облысында қатты жауын-шашын болады.
Бұдан әрі қар жауады деп болжануда:
- 20 қаңтарда Ұлытау өңірінде
- 21 қаңтарда Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында,
- 21-22 қаңтарда Ақмола облысында,
- 22 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Абай облыстарында,
- 22-23 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу облыстарында.
22 қаңтардан бастап суық ауа массасы тарай бастайды, бұл түнде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі:
- батыста 10-20 градус аязға дейін;
- солтүстік-батыста және солтүстікте 20-30 градус аязға дейін;
- орталықта және шығыста -25-35 градусқа дейін аяз күтіледі;
- республиканың оңтүстігінде – 12-25 градус аязға дейін;
"Біз ел тұрғындарын қатты аязға және ауа райының қиын жағдайларына сақ болуға және дайын болуға шақырамыз. "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
17 қаңтарда Астанада және Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды.
Бұған дейін синоптиктер 2024 жылдың желтоқсаны Қазақстанда айтарлықтай жылы болғанын айтқан болатын. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-6 градусқа жоғары болды.