Қостанай облысында егде адам улы саңырауқұлақтарды жеп, емделмек болған

Саңырауқұлақ, улы, Қостанай облысы, зейнеткер, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2023 19:59 Сурет: pixabay
Қостанай облысында зейнеткер тәулік бойына бірнеше улы саңырауқұлақты (шыбынжұт - атауы) жеген. Осылайша егде жастағы адам қант диабетін емдеуге тырысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы жедел жәрдем станциясының ақпаратына сәйкес, өзін-өзі осылайша емдеу галлюцинация, агрессия, құсу, есін жоғалту сынды салдарларға әкеліп соққан. 

"Ауыр жағдайда ол аудандық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Бақытымызға орай, науқас тірі. Қазір ол мамандардың бақылауында", - деді дәрігерлер.

Шыбынжұт саңырауқұлағы әртүрлі жиынтықтағы уға ие. Ең жиі кездесетіні - мускарин, ол қан тамырларының кеңеюіне және жүрек лүпілінің төмендеуіне әкеліп соғады. Оның әсерінен өкпе ісініп, тұншығу орын алады, ақыры өлімге әкеліп соғуы да мүмкін.

"Тағы бір қорқынышты зат – иботен қышқылы, ол психотроптық әсерге ие және жоғары концентрацияда ми жасушаларын өлтіреді. Ақ шыбынжұт пен сасық саңырауқұлақта (бұл саңырауқұлақтар да шыбынжұт қатарына жатады) өте улы аматоксиндер мен фаллотоксиндер бар, олар бауырды тез езіп жібереді", - деп ескертеді дәрігерлер.

Бұған дейін Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес қазақстандықтар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап орман және өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін салық төлейтіні хабарланған болатын.

Қаржы министрлігі жаңа норма саңырауқұлақтарды, жидектерді жеке тұтынысы үшін жинайтындарға қолданылмайды деп сендіреді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: