Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысында екі ауылда Жайық суы арнайы салынған бөгеттерге жетіп алды

Бөгет, Атырау облысы, Жарсуат, Құрылыс ауылы, Жайық өзені, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2024 13:25 Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
19 мамырдағы мәлімет бойынша, Индер ауданында қауіпті аумақ болып саналатын Жарсуат пен Құрылыс ауылдарында Жайық суы бөгетке жетіп алды. Алайда, бөгеттердің жарылып, су кету деректері тіркелмеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының хабарлауынша, Индер ауданындағы қауіпті аймақтарда ахуал тұрақты.

"Дегенмен, қауіпті аймақта тұрған аталған ауылдарда әскери қызметкерлер мен ТЖД мамандарын қоса алғанда, 186 адам жағалауда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Және бес ауыр техника бар", делінген хабарламада.

Айта кетелік, Жарсуатта 6,9 шақырым, Құрылыс ауылында 5,6 шақырым бөгет соғылды.

19 мамырда Жайық өзеніндегі бес гидробекеттің төртеуінде су қауіпті деңгейден асқаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: