Алматы хайуанаттар бағы Гималай аюларына байланысты көмек сұрады
Мамандар бейненің жазбасында қонжықтардың едәуір өсіп, сымбатты болып келе жатқанын жазды.
"Бізде тамаша жаңалықтар бар: біздің гималайлық қонжықтарымыз өсіп, нағыз сымбатты болып келеді Олардың дамып, өсіп келе жатқанына қатты қуаныштымыз". Алматы хайуанаттар бағының баспасөз қызметі
Сондай-ақ, зоосаябақ қызметкерлері сүйкімді қонжықтарға есім ойлап табуға көмек сұрады.
"Енді біз сіздердің пікірлеріңізді білгіміз келеді!Сіздердің ойларыңызша, біздің кішкентай сүйкімді достарымызға қандай аттар лайықты?Пікірлеріңізбен бөлісіңіздер, ең қызықты ұсыныстарды міндетті түрде қарастырамыз",- делінген хабарламада.
Желі қолданушылары көп күттірмей өз нұсқаларын жаза бастады:
- Гера, Зевс, Балу.
- Чип и Дейл.
- Лелек и Болек.
- Мансур и Балу.
- Чук и Гек.
Гималай аюы Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Оның тіршілік ету ортасының көп бөлігі Шығыс Азияда. Батыста ол Ауғанстанда, содан кейін Гималайдың оңтүстік беткейлерінде, Қытайдың оңтүстігінде және шығысында, Корей түбегінде, кейбір Жапон аралдарында кездеседі. Қиыр Шығыстың оңтүстігінде Гималай аюлары қоңыр аюларға қарағанда көбірек.
Дене бітімі бойынша олар қоңыр аюдан кішірек және тұмсығы сәл ұзындау болатынымен, құлақтары өте үлкен және жүні қалың қара түсті болатынымен ерекшеленеді.
Еске салайық, 23 мамыр күні дәл осы зообақта Прагадан әкелінген Том аюы өлгені хабарланған болатын.