Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы хайуанаттар бағында Прагадан әкелінген Чехия аюы өлді

Алматы хайуанаттар бағында Прагадан әкелінген Чехия аюы өлді, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 17:03 Сурет: pxhere
Алматы хайуанаттар бағында Чехия астанасының хайуанаттар бағынан жіберілген ақ аю өлді. Енді Прага хайуанаттар бағының директоры жануардың өліміне қатысты тергеуді талап етуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Мирослав Бобек әлеуметтік желіде жазды. Оның айтуынша, Том есімді ақ аюды жойылып кету қаупі төнген түрлерді қорғау жөніндегі Еуропалық бағдарламаның (EEP) ұсынысы бойынша Алматыға әкелген.

"Алматылық хайуанаттар бағының жағдайы біздікіне қарағанда жақсырақ. Бұл жер Томның көбеюіне қолайлы болуы керек еді. Біз оны 28 наурызда ешқандай ауру белгілерінсіз жібердік, және білуімізше, Алматыға көлік еш қиындықсыз жеткен. Кейіннен Алматыдан фотоқұжаттар мен жазбаша есептер алдық. Олардың соңғысында,15 сәуірде, "аюдың жағдайы жақсы" деп көрсетілген".Мирослав Бобек

Прага хайуанаттар бағы директорының айтуынша, алматылық әріптестерден ақпарат біраз уақыт бері түспеген.

Олар Томды тексеру үшін Алматыға бару туралы шешім қабылданған кезде, келесі хабарлама келген:

"Бізде жаман жаңалық бар. Том аю 4 мамырда өлді. Өлімінің себебі, аутопсия - мұрын жолдарының шырышпен және некротикалық затпен толық бітелуімен фронтальды және мұрын қуыстарының созылмалы шірік қабынуы салдарынан ағза әлсіреген, ауру мидың ісінуіне әкелді. Бұл созылмалы ауру. Аю сіздердің хайуанаттар бағыңыздан ауырып келген. Аутопсияны тәуелсіз сарапшы, ҒЗИ патологиялық анатомия кафедрасының профессоры жүргізді. Барлық аутопсия фотосуреттері қол жетімді. Барлық материалдары сізге және EEP комитетіне жіберіледі".

Мирослав Бобек Алматы хайуанаттар бағы неге бұл жаңалықты олардан 18 күн бойы жасырғанын түсінбейтінін жазады.

"Біз Томның өлімін мұқият тергеуді талап етеміз және EEP-ға, Чехияның Қазақстандағы елшілігіне, сондай-ақ Қазақстанның Прагадағы елшілігіне күмәнімізді жолдаймыз".Мирослав Бобек

Айта кетейік, 18 сәуірде Шымкенттегі хайуанаттар бағында кішкентай пони дүниеге келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: