Шымкенттегі хайуанаттар бағында кішкентай пони дүниеге келді

Пони, Шымкент, хайуанаттар бағы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2024 19:31 Сурет: видеодан алынды/Instagram/shymkentzoo
Шымкент қаласындағы хайуанаттар бағындағы жануарлар қатары толықты. Аталған қуанышты жаңалықпен мекеме қызметкерлері бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы 18 сәуірде хайуанаттар бағының Instagram-дағы парақшасында сүйінші жаңалық жарияланды. Сөйтсе тұяқтылар тұқымдасында аналық пони дүниеге келіпті.

"Жаңа туған төлдің салмағы - 9,5 келі. Пони дүниеге келгеннен кейін екі сағаттан соң аяғынан тік тұрып, өз бетінше жүре бастады. Қазіргі таңда анасы мен төлі өздерін жақсы сезінуде, төлдің тәбеті жақсы және белсенді мінез-құлықтар көрсетуде". Шымкент қаласындағы хайуанаттар бағы


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: