"Сүйкімді Бәйшешек": Алматы хайуанаттар бағында елік дүниеге келді
Сурет: видеодан скриншот
Алматы хайуанаттар бағында елік дүниеге келді. 8 тамыз күні бақ қызметкерлері Бәйшешек есімді төл түсірілген видеоны бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеоның астындағы сипаттамада елік 28 маусымда әкесі Кругляшок пен анасы Райханнан туғаны айтылған. Бала біраз өскен. Қазір өзін жақсы сезінеді. Бақ қызметкерлері жас елікке Бәйшешек деп ат қойған.
"Бұл ерекше сүйкімді жануар кімді естеріңізге түсіреді? Әрине, баршаңыздың есіңізге балаларға арналған мультфильмнен таныс еліктің лағы – Бэмбиді еске түсірген шығар. Әзірше Бәйшешек енесінің сүтін емеді. Аздап шөптің, жеміс пен жарманың дәмін тата бастады. Кішкентай Бәйшешекті зебралар вольерінің оң жағындағы үлкен қоршауда тұратын еліктер отбасынан көре аласыздар. Бәйшешек онда өзінің үлкен-кіші туыстарымен бірге жүреді. Кішкентай еліктің лағын көруге зообаққа келіңіздер!" - деп жазды Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері Instagram-дағы парақшасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript