Алматы хайуанаттар бағында үш кенгуру төлі дүниеге келді

Алматы хайуанаттар бағында ерекше қуанышты оқиға орын алды – кенгурулар көбейіп, бірден үш бірдей төлі дүниеге келді. , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2026 10:31 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы хайуанаттар бағында ерекше қуанышты оқиға орын алды – кенгурулар көбейіп, бірден үш төл дүниеге келді.

Ақпаратты 2026 жылдың 9 сәуірінде Алматы қаласының әкімдігі жариялады. Бұл жаңалық зообақ қызметкерлері мен келушілер үшін ерекше тосынсый болды.

Сұр кенгурулар Лорд пен Ларадан, сондай-ақ Тик пен Линдадан екі төл туған. Лара алтыншы рет төлдесе, Линда алғаш рет туып отыр. Ал жирен кенгурулар Мартин мен Мартадан тағы бір еркек төл дүниеге келген.

Зообақ мамандарының айтуынша, кенгурулардың төлдеу сәтін көру іс жүзінде өте қиын. Өйткені олардың төлі өте кішкентай болып туады, ұзындығы небәрі бірнеше сантиметр ғана болады. Туған бойда ол өздігінен анасының қалтасына кіріп, сол жерде өсіп-жетіледі.

"Жаңа туған кенгуру төлін бірден байқау мүмкін емес. Біз оның дүниеге келгенін тек біраз өскен соң, қалтадан басын шығара бастағанда ғана аңғарамыз. Сондықтан нақты туған күні шамамен ғана анықталады", — дейді "Жыртқыш сүтқоректілер" бөлімінің жетекшісі Гауһар Сіргебаева.

Қазір жирен кенгурудың төлі еркек екені белгілі болды. Ал екі сұр кенгуру төлінең жынысы әзірге анықталған жоқ.

Дәстүр бойынша Алматы хайуанаттар бағы жаңа туған төлдерге ат қоюға көпшілікті шақырады. Екі кенгурудың жынысы әлі белгісіз болғандықтан, оларға еркекке де, ұрғашыға да жарасатын әмбебап есімдер ұсынуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: