Алматы хайуанаттар бағында жапон макакасы дүниеге келді
Сурет: Zakon.kz
Алматы хайуанаттар бағының мамандары жапон макакаларының отбасында кішкентай Тони өмірге келгені туралы жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы зообағында Папаша және Мамаша атты маймылдар жұбы бар. Олар 2008 жылы Жапонияның Тама хайуанаттар бағынан әкелінген. Ал 2021 жылдың 17 қарашасында Папаша мен Мамаша кішкентайлы болды. Дүниеге кішкентай маймыл –Тони келді.
Бізде тағы жақсы жаңалық! Жапон макакалары – Папаша мен Мамаша жұбында 2021жылдың 17 қараша күні кішкентай Тони өмірге келді. Бұл жаңалықты енді жария етіп отырғанымыздың себебі – Тони күш жинап, кішкене өссін дедік. Папаша мен Мамаша кішкентайларына ерекше қамқор. Тони – олардың бесінші маймылы.Алматы хайуанаттар бағы
Тони басқа кішкентай маймылдар сияқты алысып, секіріп ойнағанды жақсы көреді. Ол әлі мамасын емеді, бірақ тамақты да жей бастапты.
Тони арасында ботқа, алма, банан, жаңғақ жейді. Жеміс шырыны мен био С йогуртын ішіп тұрады. Әзірше ол «Приматтар» бөлімінде тұрып жатыр. Біраз күнде ауа-райы жылынып, түндегі температура +15С төмен түпейтін кезде барлық маймыл жазғы қоршауларға ауыстырылады.Алматы зообағы
Еске салайық, биыл – Алматы зообағына 85 жыл. Бүгінде бақта аң-құстың 372 түрі бар. Жалпы саны 3 751 хайуанға жетеді.
Зообаққа жаңадан келген жануардың бірі – оңтүстік америкалық альпака. Ол былтыр 11 желтоқсанда Краснодардағы хайуанаттар бағынан келген. Есімі –Шоколадка.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript