Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды хайуанаттар бағында қоңыр қонжық дүниеге келді

Қарағанды хайуанаттар бағында қоңыр қонжық дүниеге келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2024 17:10 Сурет: pixabay
Қарағанды хайуанаттар бағы тағы бір тіршілік иесімен толықты. 12 жасар Маша мен 13 жасар Тимошаның қоңыр қонжығы дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысы әкімдігінің 2024 жылғы 8 сәуірдегі мәліметі бойынша, бұл аюлардың алғашқы ұрпағы емес. Олардың бірнеше жыл бұрын туылған қонжықтары қазір Ташкент хайуанаттар бағын мекендейді.

"Қонжықтың дүниеге келгені туралы біз іздестіріп жүріп білдік. Оның дауысын алғаш рет қаңтар айында естідім. Басында бірнеше қонжық деп ойладық, әдетте екеуі туатын. Сүйтсек, тек біреу ғана болып шықты. Анасы қонжықты наурыз айының соңында ғана көрсетті. Қазір ана да бала да өзін жақсы сезінеді".Хайуанаттар бағының директоры Гүлнара Адамбекова

Жануарлар қазір күшейтілген тамақтану режиміне өткен. Оларжа күн сәулесі түсетін шатыр мен серуендеуге де жеткілікті орын бар.

Сондай – ақ, хайуанаттар бағы жақында үш түйеқұсты - екі аналық пен еркекті сатып алған.

Қарағанды хайуанаттар бағында қоңыр қонжық дүниеге келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2024 17:10

Сурет: gov.kz

Құстар Ташкенттен әкелінген.

Айта кетейік, 2024 жылдың 13 наурызында Алматы хайуанаттар бағында да екі жаңа туған қонжық дүниеге келген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: