Шымкент зообағында қонжық дүниеге келді
Сурет: instagram.com/shymkentzoo
Тянь-Шань ақ тырнақты қоңыр аюлары - лақап аттары Бимка мен Татьянаның былтыр желтоқсан айында қонжығы дүниеге келген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қонжықтың лақап аты - Умка. Қазіргі кезде анасы мен қонжықтың жағдайы жақсы.
Сурет: instagram.com/shymkentzoo
"Ол анасының артынан қызығушылықпен еріп, былайша айтқанда, өзінің қоршауын зерттеп жатыр. Татьяна - өте қамқор ана, ол қонжығынан бір қадамға да алшақ кетпейді", - деп жазды зообақ әлеуметтік желілердегі парақшасында.
Бимка мен Татьяна Шымкенттегі зоосаябаққа 2016 жылы Алматы зообағынан әкелінген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript