Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы зообағында кенгуру дүниеге келді

кенгуру, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2022 19:42 Сурет: pixabay
Алматы хайуанаттар бағындағы Лаура мен Марат атты кенгуру жұбында жаңа төл туылды. Бір қызығы, кенгуру дәл қай күні дүниеге келгені белгісіз, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы зообағы жағымды жаңалықты Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Бақ қызметкерлерінің айтуынша, кенгурудың баласы туыла сала анасының қалтасында жатып өседі.

Лаура мен Марат атты кенгуру жұбында жаңа төл туылды. Бір қызығы, кенгурудың дәл қай күні туғанын анықтау қиын. Өйткені кенгурудың баласы өте кішкентай, көлемі небәрі 25 мм болады. Ол туыла салып, анасының қалтасына өрмелеп шығып, сонда жарты жыл бойы өсіп-жетіледі. Кішкентай кенгурудың өмірге келгені туралы зообақ қызметкерлері анасының жүріс-тұрысы мен мінез-құлқына байланысты байқап, анықтаған. Кішкентай кенгуру шамамен қаңтарда туған. Бірақ біз оны тек наурызда ғана, анасының қалтасынан басын шығара бастаған кезден байқадық, – деп жазды Алматы зообағының қызметкерлері.

Лара мен Мараттың төртінші төлі дүниеге келіп отыр. Олар сусиырларға қарама-қарсы қоршауда тұрады. Кішкентай кенгурудың әлі жынысы да анықталмапты. Сонымен қатар бақ қызметкерлері кішкентай кенгуруға әлі ат қойған жоқ. Зообақтағылар кенгуруға ат қою үшін парақшаның оқырманынан көмек сұрады.

Өз ұсыныс-нұсқаларыңызды жазып, пікір қалдырыңыздар. Кенгуруға қарайтын киперлер ұнаған атты өздері таңдап алады.Алматы зообағы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: