Жазғы Олимпиада чемпиондарын Алматы әуежайында қарсы алды

Жазғы Олимпиада чемпиондарын Алматы әуежайында қарсы алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2024 11:07 Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 5 тамыз күні Алматы әуежайында Елдос Сметов пен Қазақстан олимпиадалық құрамасының басқа да спортшыларын жүздеген жанкүйерлер қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келген спортшылар құрамында: Олимпиада чемпионы Елдос Сметов және қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаев бар.

Сурет: Zakon.kz

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов 60 келіде Париждегі Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды.

Сурет: Zakon.kz

Жеңіспен оралған Сметов көпшіліктің қошеметіне ие болды.

Жанкүйерлер спортшылар мен жаттықтырушыларды құшақ-құшақ гүлмен қарсы алды.

Сондай-ақ, жеңімпаздарға автокөлік сыйға тартылды.


Бүгін Париж Олимпиадасының соңғы жарыс аптасы басталды. Әзірше көшбасшылар қатарын АҚШ, Қытай және Франция бастап тұр. Қазақстан 29 орында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: