Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықты "алдап" екі бөлмелі пәтерін 100 мың теңгеге сатып жіберген

Дом, жилье, квартира, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, покупка квартиры, аренда дома, аренда жилья, аренда квартиры, съемное жилье, съемный дом, съемная квартира, продажа дома, продажа жилья, продажа квартиры, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, дом в ипотеку, квартира в ипотеку , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2024 16:46 Фото: freepik
Қазақстанның Жоғарғы Сотында 2024 жылғы 6 қыркүйекте пәтері болар-болмас ақшаға сатылған Қарағанды тұрғыны туралы айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

66 жастағы Қарағанды тұрғыны Н. қаланың орталығында орналасқан 2 бөлмелі пәтердің иесі болып табылады.

"2002 жылы ол танысының ұсынысына келісіп, сатып алушыдан қарыз алу үшін осы пәтерін кепілдікке қоюға рұқсат берген және қателесіп, оның сатылуы үшін сенімхатқа қол қойған. Бірнеше күннен кейін осы сенімхат негізінде пәтер 100 мың теңгеге сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға сатылған, бұл шарт заңды түрде тіркелген".ҚР Жоғарғы Соты

2023 жылы пәтер сатып алушының ағасына мұрагерлік жолмен өтті (сатып алушы қайтыс болды), ал жарты жылдан кейін ағасы пәтерді ұлына сыйға тартты.

"Алайда, осы уақыт бойы пәтер бұрынғы иесі Н-нің иелігінде қалып, ол отбасымен бірге пәтерде тұрып, оны ұстауға байланысты шығындарды өтеген. Пәтері туралы жасалған мәмілелерді білген соң, ол қайтыс болған сатып алушының ағасы мен оның ұлына қарсы сотқа талап қою беріп, сатып алу-сату және сыйға тарту шарттарды жарамсыз деп тануды сұраған және мәміленің жалған болғанын айтқан".ҚР Жоғарғы Соты

Сотта пәтер сатушының пәтерді сатуды ойламағаны, оны сату туралы хабарландыру бермегені, шарттағы бағасы төмендетілгені және ол сатып алушыға берілмегені анықталды. Сатып алушы өмірінде пәтерді иеленіп, пайдаланбаған.

"Даулы баспана талап қоюшының жалғыз тұрғын үйі болып табылады, ол отбасымен бірге сол жерде қазір де тұрып жатыр. Шарт жасалғаннан кейін сатып алушының пәтерге кірмегені және оны ешқандай жолмен пайдаланбағаны, шарттың Азаматтық кодекстің 406-бабына сәйкес салдары болмағанын көрсетеді". ҚР Жоғарғы Соты

Сатып алу-сату шартына сәйкес, сатушы мүлікті сатып алушының меншігіне беруі, ал сатып алушы оны қабылдап, төлем жасауы тиіс.

"Сот жауапкердің пәтер сатылғаннан кейін Н. оның ішінде ауызша жалға алу келісімі бойынша тұрғаны және жалдау ақысын төлегені туралы дәлелдерін қабылдамады. Сотқа жалға алу туралы шарт ұсынылмады, ал Азаматтық кодекстің 544 және 601-баптарына сәйкес, бір жылдан асатын мерзімге жасалған мүлікті жалға алу шарты жазбаша түрде жасалуы тиіс. Сот талап қоюды қанағаттандырды: даулы сатып алу-сату және сыйға тарту шарты жарамсыз деп танылды". ҚР Жоғарғы Соты

Мәміле қайтарымсыз сипатқа ие, мүліктің мұрагерлері ешқандай материалдық шығын көрмеді, бұл Азаматтық кодекстің 261-бабының 2-тармағына сәйкес меншік иесіне өз мүлкін қайтаруға мүмкіндік береді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: