Оралда пәтерде қамаулы қалған екі бала құтқарылды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Орал қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің жетінші қабатындағы пәтерде қамаулы қалып кеткен екі және үш жастағы бүлдіршіндерге құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметінше, оқыс оқиға 20 қыркүйекте болды. Әйел адам дәліздегі велосипедті алып кіру үшін сыртқа шыққанда, есік жабылып, балалар құлыптаулы пәтерде қалып қойған.
"Балалар іште қамаулы қалды. Ал есіктің кілті үйде қалып қойғандықтан, есікті ашу мүмкін болмады. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар есікті тез ашты. Бақытымызға қарай 2021 және 2022 жылдары туған балалар зардап шеккен жоқ", делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript