Ұлытау облысында пәтерде қамаулы күйде қалып кеткен төрт балаға көмек көрсетілді

Сәтбаев қаласында Шәкәрім көшесіндегі тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде ата-ананың қарауынсыз қалған 4 пен 9 жас аралығындағы төрт балаға құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Балалардың анасы есікті сыртынан ашпақ болғанда кілт сынып, құлыпта қалып кеткен. Сондықтан ол құтқарушылар көмегіне жүгінген.
"ТЖМ құтқарушылары баспалдақпен көтеріліп, пәтерге кіріп, есікті ішінен ашты. Балалар зардап шеккен жоқ", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу ескертіледі.
Бұған дейін Маңғыстауда бір отбасының жеті мүшесі газдан уланып, көз жұмғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript