Қазақстанда ІІМ орынбасары және Ұлттық ұланның басшысы жаңадан тағайындалды

Қазақстанда ІІМ орынбасары және Ұлттық ұланның басшысы жаңадан тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2024 14:38 Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі бұйрығымен ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды",- делінген хабарламада.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Ботақановтың орнына Балтабеков сайланды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды",- деп жазды Ақорда.

Сондай-ақ, Тоқаев тағы бір бұйрығымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының жаңа орынбасары – Терроризмге қарсы қызметтің басшысын сайлады. Бұл қызметке Бақытбек Рахымбердиев лайық деп танылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: