Тоқаев ҰҚК төрағасының жаңа орынбасары – терроризмге қарсы қызметтің басшысын тағайындады
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының жаңа орынбасары – Терроризмге қарсы қызметтің басшысын тағайындады. Бұл қызметке Бақытбек Рахымбердиев лайық деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы қол қойған тиісті құжат 2024 жылғы 18 қыркүйекте Ақорда сайтында жарияланған.
"Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды", — деп жазылған ресми құжатта.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 16 қыркүйегіне дейін бұл қызметті Руслан Сейсембаев атқарды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript