Тоқаев ҰҚК төрағасының орынбасарларын тағайындады

Тоқаев ҰҚК төрағасының орынбасарларын тағайындады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2023 10:38 Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Руслан Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметтің басшысы болып тағайындалды;

Асхат Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің басшысы болып тағайындалды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрғали Білісбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: