Тоқаев Виталий Тутушкинді Ұлттық банк төрағасының орынбасары етіп тағайындады

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Виталий Алексеевич Тутушкин Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Виталий Алексеевич Тутушкин Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың ресми сайтында жарияланған өкім мәтінінде.
Бұған дейін бұл қызметті бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ағасы Есжан Біртанов атқарған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript