Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі жаңа орынбасары тағайындалды
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының жаңа орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2024 жылғы 23 қыркүйекте Ақорда сайтында белгілі болды. Осылайша, Мемлекет басшысының өкімімен:
- Марат Қабиденұлы Жұмабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды.
- Мемлекет басшысының өкімімен Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ал мемлекет басшысының екінші өкімімен Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript